Мәзір
Бүгін, 12:32 / BuginMedia / Жаңалықтар

Нейрохирург, гематолог, бактериолог: Қазақстанда тұруға сұраныстағы 51 мамандық иелеріне арнайы виза беріледі

Қазақстан көші-қон саясатын жаңартып, елге жоғары білікті мамандар мен инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы вице-премьер – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі басшысы Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Нейрохирург, гематолог, бактериолог: Қазақстанда тұруға сұраныстағы 51 мамандық иелеріне арнайы виза беріледі Нейрохирург, гематолог, бактериолог: Қазақстанда тұруға сұраныстағы 51 мамандық иелеріне арнайы виза беріледі
Фото: Depositphotos.com

Министрдің айтуынша, 2026 жылғы 10 сәуірден бастап шетел азаматтарын тұрақты тұруға қабылдау тәртібіне қатысты жаңа ережелер күшіне енген. Өзгерістер елдің адами капитал сапасын арттыруға және сұранысқа ие мамандарды тартуға бағытталған.

"Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады. Инвестициялық жобаларға қатысатын басшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнайы визалар беріледі. Бұл ел экономикасына еркін кіруге, бизнес жүргізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тапшы мамандық иелерін тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Арнайы визалар мен тұрақты тұруға мүмкіндік беретін санаттар нейрохирургтар, гематологтар, фармацевтикалық инженер-технологтар, бактериологтар және графикалық анимация мамандары сияқты сұранысқа ие кәсіп иелеріне арналған", – деді Аида Балаева.

Оқи отырыңыз:
Мәдениет пен тарихтың Ата Заңда берік құндылық ретінде бекітілуі ерекше маңызды – Аида Балаева

Жалпы тізімге 51 мамандық енгізілген және ол ел экономикасының қажеттілігіне қарай тұрақты түрде жаңартылып отырады. Келесі өзгерістер 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасы аясында жыл соңына дейін жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, жаңа визалық санаттар енгізіліп жатыр. Олар жоғары білікті мамандар мен цифрлық көшпенділерге арналған. Бұл бастама жаһандық таланттарды тартуға және заманауи технологияларды дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде шетел азаматтарын елге жеңілдетілген тәртіппен кіргізу тетігі қарастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл шаралар мемлекет, бизнес және қоғам мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, Қазақстанның ашық әрі заманауи көші-қон саясатын қалыптастыруға бағытталған.

Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/neiroxirurg-gematolog-bakteriolog-suranystagy-51-mamandyq-ielerine-arnaiy-viza-beriledi

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2