Деректер қазақстандықтармен қатар шетел азаматтары мен ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары және олардың отбасыларына қатысты да беріледі. Категориялар тізіміне тіркелген жұмыссыздар, мүгедек баланы бағып отырған ата-аналар, І топтағы мүгедектерге күтім жасайтын тұлғалар, зейнеткерлер мен ардагерлер кіреді.
Жұмыс істемейтін азаматтар туралы мәліметтерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Отбасының цифрлық картасы", "Еңбек нарығы", "Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры" және "Төлемдерді өңдеу ұйымы" жүйелері арқылы жинайды.
Айта кетсек, 2026 жылдан бастап барлық азаматтарға қолжетімді бірыңғай базалық медициналық көмек пакеті енгізіледі. Билік МӘМС жүйесімен тағы 1 миллион адамды жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топтарды қамтуды жоспарлап отыр. Қазір 3 миллион азамат МӘМС жүйесіне кірмеген.