Мәзір
5 қазан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбазы көз жұмды

5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбазы көз жұмды Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбазы көз жұмды
Фото: © istockphoto.com

Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген ақпаратта..

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2