Мәзір

Қазақстанның көрнекті композиторы дүниеден өтті

Қазақстанның көрнекті композиторы дүниеден өтті Қазақстанның көрнекті композиторы дүниеден өтті
Фото: gov.kz

Қазақстанның көрнекті композиторы, Қазақстанның халық әртісі, профессор Бақир Яхияұлы Баяхунов дүниеден өтті. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бақир Баяхунов бар ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Ол қазақтың музыкалық мұрасы мен Шығыс халықтарының әуен-сазын еуропалық академиялық музыка дәстүрімен ұштастырып, ұлттық өнер қазынасын байытты.

Композитор ұзақ жылдар бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында еңбек етті. Қырық жылдан астам уақыт ұстаздық қызмет атқарып, бірнеше буын кәсіби музыкантты тәрбиеледі. Ол шәкірттеріне музыкалық білім беріп қана қоймай, өнердің қадір-қасиетін түсіндіріп, шығармашылық жолда бағыт-бағдар көрсетті.

Министрліктің мәлімдеуінше, Бақир Баяхуновтың мол шығармашылық мұрасы, ұстаздық өнегесі мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, жатқан жері жайлы болсын!

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2