Оқиға футбол ойынынан кейін басталған. 10-сынып оқушылары жеңіске жеткеннен кейін жоғары сыныптың үш оқушысы наразы болып, қарсыластарын дүкен жанына жинаған.
Жанжал барысында 11-сынып оқушысы 10-сыныптағы қарсыласына кеуде тұсынан соққы жасаған.
Зардап шеккен бала есінен танып қалған.
Оны үйіне жеткізген соң, ата-анасы дәрігер шақырғанымен, жасөспірім жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған.
Полиция тергеуді бастады
Жамбыл облыстық ПД мәліметінше, қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Оперативті іс-шаралар барысында 17 және 16 жастағы екі күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деді полиция өкілдері.