Мәзір
11 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

"Қансырап жатқанда тағы пышақтаған: Астанада түнгі клубта кісі қолынан қаза тапқан 19 жастағы жігіттің өліміне қатысты тың деректер шықты

Елордада бірнеше күн бұрын түнгі клубтардың бірінде жанжал кезінде 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды. Жігіттің әпкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлады buginmedia.kz.

"Қансырап жатқанда тағы пышақтаған: Астанада түнгі клубта кісі қолынан қаза тапқан 19 жастағы жігіттің өліміне қатысты тың деректер шықты "Қансырап жатқанда тағы пышақтаған: Астанада түнгі клубта кісі қолынан қаза тапқан 19 жастағы жігіттің өліміне қатысты тың деректер шықты
Фото: видеодан алынды

Марқұмның туысының айтуынша, інісі 19 жастағы Азат сол күні түнгі ауысымнан үйге келіп, киімін ауыстырып, ұйықтағалы жатқанда досы хабарласып, түнгі клубта жанжал болып жатқанын айтып, көмекке шақырған.

"Азат қасындағы достарына қайда бара жатқанын айтпай қазір келемін деп шығып кеткен. Сол жерде Олжас деген баланы екі-үш рет ұрып жыққан. Ашуға булыққан Олжас Азаттың жүрегіне екі рет пышақ сұққан. Оның қалтасына пышақты бір досы өзіңді қорғасаң керек болады деп салып қойыпты. Інім клубқа өзінің күшіне сеніп барған, ойында қорғану керектігі, пышақ деген нәрсе болмаған. Қылмысқа бес адамның қатысы бары айтылғанымен, қазір қамауда жалғыз сол Олжас қана отыр. Түнгі клуб күзетшісі мен үш адам қашып жүр. Біреуі Астанада, біреуі Шуда, біреуі Алматының бір жерінде тығылып жүрген көрінеді", -  дейді марқұмның әпкесі Аружан.

Әйел төбелес басталғаннан бастап клуб ауласында үш полицейдің жүргенін, олар інісін пышақтап тастағанын көре тұра, оны тастап, көмекке шақырған досын қолын қайырып алып кеткенін айтады.

"Азаттың бөтелкені сындырып, айқайлап көмек сұраған досы Есенді полицейлер қолын қайырып алып кетіп, әбден ұрған. Оның не кінәсі бар. Сен өлтірдің деп айтыпты. Олар әділ жұмыс жасамағандықтан, осындай жағдай болып тұр. Олар інім қансырап жатқанда оны тастап, кінәсіз досын алып кеткен. Жедел жәрдем шақырғанымен, ол 25-30 минуттан кейін бірақ келген. Бұл жерде сұрақ көп. Жедел жәрдем де кешіккен. Сондықтан осы үш полицейді жауапқа тартуды талап етемін", - дейді ол.

Аружан қаскөйлер өзі қансырап жатқан Азатты тағы пышақтағанын айтады.

"Інім әлсіреп жатқанда әлгі жанжалға қатысқан жігіттер оның санына екі рет, балтырына бір рет пышақ салған. Азатқа пышақ салған Олжас он сегізде. Анау қашып жүрген үш жігітті де жауапқа тарту керек. Егер олар арттары таза болса, қашып жүрмес еді. Қылмыскердің қалтасына пышақ салып берген баланы да қылмыстық жауапкершілікке тарту керек", - деді марқұмның туысы.

Әйел інісін көмекке шақырған досы ақыл-есінен айырылғанын, онымен хабарласа алмағанын айтады.Өйткені, оны полицейлер әбден ұрып-соққан көрінеді.

"Қазіргі таңда әлгі қылмыскер Олжас деген бала мені қолдап, жазып жатқан қыздарға қоқан-лоқы көрсетіп жатқан көрінеді. Жарияланған видеоларды өшірмесеңдер істерің бізбен болады, сендерді зорлаймыз, бауыздап кетеміз деген сияқты. Біз бірақ оған назар аударып жатқан жоқпыз. Біз істің соңына дейін барамыз. Осы іске бес адамның қатысы бар екені айтылып жатыр. Соның бәрі жазасын алса дейміз.тАзатты өлтірген Олжас бұған дейін үш адам өлтірген деген ақпарат бар. Раc—өтірігін білмейміз. Бір танысымнан ақпарат түсті. Одан ата-анасы бас тартқан екен дейді. Туыстарынан ешкім келіп әлі күнге дейін кешірім сұраған жоқ", - дейді Аружан.

Марқұм Азат әпкесінің айтуынша, өзі тиіспесе ешкімге өзі барып тиіспейтін салмақты жігіт болған. Астанада ауысыммен жұмыс істеп жүрген. Қазір қара жамылған отбасы істің әділ тергеліп, кінәлілердің жазаға тартылуын талап етіп жатыр. 

Бұған дейін Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. 

Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан жерде қансырап жатқан адамды екі жігіттің ұстап отырғанын көруге болады. Полиция мәліметінше, мекемеге келушілер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2