Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

«Голливуд деңгейіне шыққым келеді»: Дариға Бадықова үлкен жоспарын айтты

«Голливуд деңгейіне шыққым келеді»: Дариға Бадықова үлкен жоспарын айтты «Голливуд деңгейіне шыққым келеді»: Дариға Бадықова үлкен жоспарын айтты

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өмірінде жаңа кезең басталғанын айтып, алдағы мақсаттарымен бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бұрын ол барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, жақсы өмір сүру үшін көп еңбектенген. Тұрмысын жақсарту, ақша табу, жақындарына көмектесу секілді мәселелерді үнемі ойлап, бәрін өзі шешуге тырысқан.

«Бүгінгі өміріме көңілім толады. Қазір өзімді мүлде басқа кезеңде сезінемін. Бұрын ертеңгі күнімді көп ойлап, қалай табыс табамын, қалай жақсы өмір сүремін, айналамдағы адамдарға қалай көмектесемін деп уайымдайтынмын. Өйткені бар жауапкершілікті өзіме артып алдым. Әйел адам бәрін мойнына алмауы керек дейтіндер де бар. Бірақ сонда мен жақсы өмірге ұмтылмауым керек пе? Біреуге бір нәрсені дәлелдеудің қажеті қанша? Мен тек жақсы өмір сүргім келді», – дейді актриса.

Дариға Бадықова алдағы уақытта жүзеге асыратын үлкен жоспарлары бар екенін де жеткізді. Сондай-ақ ол бұрынғы өміріне қайта оралғысы келмейтінін айтты.

«Менің әлі де үлкен армандарым бар. Сапалы фильмдер түсіріп, Голливуд деңгейіне шыққым келеді. Екі елдің арасынан сенімді серіктестер тауып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру ойымда бар. Мақсаттарым көп болғандықтан, алға ұмтылуды тоқтатпаймын. Бұрынғы өміріме көңілім толмайтын. Әрине, өткеніме өкпем жоқ, бәріне ризамын. Бірақ сол күндерге қайта оралғым келмейді. Ол кезде күнделікті нанымды қалай табамын деп алаңдап, әр қадамымды өзгелерге жалтақтап басатынмын», – дейді актриса.

Бұған дейін актриса барлық өзгеріске дайын екенін айтқан еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2