Мәзір
28 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

2025 жылдың тамызында қазақстандықтар Конституция күніне байланысты үш күн демалады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады? Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

Апта талқысында: