Желіде кәсіпкердің бұрынғы жары Ляйсирамен бірге түскен фотолары жарияланды. Кадрлардан продюсер Баян Алагөзова, қызы Айсәуле және отбасының өзге де мүшелері бірге демалып жүргенін байқауға болады. Сондай-ақ суреттерде Ляйсираның дастархан басында өзгелермен еркін әңгімелесіп отырғаны көрінеді.
Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі отбасының татулығына оң баға берсе, енді бірі мұндай қарым-қатынасқа таңданысын жасырмады.
«Баянның ақылдылығы көрініп тұр», «Осындай түсіністікке құрмет», «Не болып жатыр өзі?», «Жақында Баян мен Ляйсира құрбы болып кететін шығар», «Санасы биік адамдардың әрекеті», «Бәрінің басын қосыпты» деген пікірлер жазылды.