Мәзір
Бүгін, 12:51 / BuginMedia / Жаңалықтар

Демалыс күндері Қазақстанда 37 градусқа дейін ысиды

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен құрғақ, бұлтсыз және жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Демалыс күндері Қазақстанда 37 градусқа дейін ысиды Демалыс күндері Қазақстанда 37 градусқа дейін ысиды
Ашық дереккөз

Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.

Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер күтіледі. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады.

Ауа температурасы күндіз:

батыста, солтүстікте, орталықта +25…+33°С;

шығыста +20…+25°С;

оңтүстікте +28…+37°С;

оңтүстік-шығыста +20…+30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+20°С.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2