Мәзір
Бүгін, 16:27 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда ең ұзақ еңбек демалысы кімдерге беріледі?

Қазақстанда еңбек демалысының ұзақтығы ең жоғары сала – білім беру. Finprom.kz дерегіне сәйкес, бұл сала қызметкерлері жылына орта есеппен 35,5 адам-күн демалыста болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда ең ұзақ еңбек демалысы кімдерге беріледі? Қазақстанда ең ұзақ еңбек демалысы кімдерге беріледі?
Фото Depositphotos.com

Қазақстанда педагогтерге 56 күнтізбелік күн көлемінде ақылы еңбек демалысы беріледі. Сонымен қатар зиянды және қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге қосымша демалыс қарастырылған. 2025 жылы мұндай жеңілдікті 559,1 мың адам пайдаланған.

Орташа демалыс ұзақтығы жоғары басқа салалар:

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 28,3 адам-күн;

тау-кен өнеркәсібі – 28,1;

өнеркәсіп – 24,6;

көлік және қоймалау – 24,3 адам-күн.

Ал қаржы және сақтандыру саласында бұл көрсеткіш 15,9 адам-күнді, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 14,6, өзге қызмет көрсету салаларында 10,1 адам-күнді құраған.

Қай өңірде демалыс ұзақ?

Өңірлер арасында бір қызметкерге шаққандағы демалыс күндерінің орташа саны Қызылорда облысында – 37,5, Түркістан облысында – 32,3, Абай облысында – 32,2 және Шығыс Қазақстан облысында – 31,7 адам-күн болған.

Ең төмен көрсеткіш Алматыда – 20,6, Астанада – 20,8 және Қостанай облысында – 23,6 адам-күн деңгейінде тіркелген.

Осылайша, ең жоғары және ең төмен көрсеткіш арасындағы айырмашылық 16,9 адам-күнге жеткен.

Осылайша, 24 күн — Қазақстандағы қызметкерлер үшін белгіленген негізгі ақылы еңбек демалысының ең төменгі мөлшері.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2