Мәзір
7 тамыз, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Сен менсіз ешкім емессің” дедің»: Мөлдір Мұқанова жан сырын ақтарды

Кейінгі кездері әнші ретінде танылып жүрген Мөлдір Мұқанова күйеуі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қалай ренжісіп қалғанын меңзейтін жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Сен менсіз ешкім емессің” дедің": Мөлдір Мұқанова жан сырын ақтарды "Сен менсіз ешкім емессің” дедің": Мөлдір Мұқанова жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/moldir.mt

«Сен менсіз ешкім емессің” дедің, сол сәтте мен үнсіз қалдым. Бір кезде сені сүйгенмін. Сөзіңе сенгем. Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағам. Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Ары қалай өнерпаз қыздарды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеуге шақырады.

«Қыздар, егер біреу сізге дауыс көтерсе — бұл зорлықтың бастамасы. Егер біреу сені итерсе, шапалақпен ұрса — бұл зорлықтың жалғасы. Егер біреу саған «Сен менсіз ешкім емессің» десе — бұл психологиялық қысым!.

«Сен – құндысың. Сен – нәзік, бірақ мықтысың. Сен – тыныш, қауіпсіз өмірге лайықсың», – деп дейді ол.

Апта талқысында: