Өнер иесі соңғы бір жылда өмірінде елеулі өзгерістер болғанын айтып, жаңа пәтерінің кілтін қолға алғанын видео арқылы көрсетті.
Мұқанованың сөзінше, баспана алу процесі шамамен тоғыз ай бұрын басталған. Ол пәтерді сатып алу кезінде ұсынылған шарттардың көңілінен шыққанын атап өтті.
«Достар, сүйінші! Астана төрінен жаңа пәтер алдым! Бәрін сәтімен болғызған Аллаға шүкір! Мұндай жаңалықты бөліспей отыра алмадым», — деп жазды блогер.
Ол сондай-ақ жаңа өмір бастағанына бір жыл болғанын айтып, осы уақыт ішінде өмірінің айтарлықтай өзгергенін жеткізді.
Жазбаға желі қолданушылары мен Мөлдір Мұқанованың өнердегі әріптестері пікір білдіріп, оны жаңа баспанасымен құттықтады.