Дәрігерлер бірнеше күн бойы ауыр жарақат алған сәбидің өмірі үшін күресті. Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. 1 тамызда, оның жағдайы күрт нашарлап, жүрек соғуы тоқтады.
«Сағат 20:10-да жүрек қызметі тоқтап қалды. Сағат 20:40-та баланың өлімі тіркелді. Өкінішке қарай, сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы.
Айта кетейік, 30 шілде күні Павлодар қаласында бір әйел бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен екі баласын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен. Олар дереу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 2017 жылы туған баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.