Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

«Үйде өмір сүру – азап»: Нұртас Адамбайдың әйелі тағы бір сұмдық жайтты айтты

«Үйде өмір сүру – азап»: Нұртас Адамбайдың әйелі тағы бір сұмдық жайтты айтты «Үйде өмір сүру – азап»: Нұртас Адамбайдың әйелі тағы бір сұмдық жайтты айтты
әлеуметтік желіден

Қазақстандық режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай әлеуметтік желіде отбасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, күйеуі психолог Төребек Бекбаевтың көзқарастарын қолдайды. Әйел бұл ұстанымның отбасы өміріне, әсіресе балалар тәрбиесіне кері әсер еткенін айтады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ғалия Instagram парақшасында бірнеше сторис жариялап, Төребек Бекбаевтың идеяларын ұстанатын адамдардың көзқарасына наразылығын білдірген. Ол бұл ортаны «секта», ал оның ұстанымын «төребекшілдік» деп атады.

Әйелдің сөзінше, Нұртас Адамбай балаларды өз қалауынсыз ештеңе жасауға мәжбүрлеуге болмайды деген қағиданы ұстанады. Алайда Ғалия мұндай тәсіл балалардың күнделікті күтімі мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер туындатқанын айтады.

«Үш жасар баланың тісін тазалату үшін күн сайын күресуге тура келетін үйде өмір сүру – азап. Балаларды дұрыс, құнарлы әрі пайдалы тамақпен қамтамасыз ету де қиынға соғады», – деп жазды ол.

Ғалияның айтуынша, күйеуі өз денсаулығына ерекше көңіл бөліп, дұрыс тамақтанады, дәрілерін уақытында қабылдайды әрі гаджеттерді пайдалану уақытын шектейді. Бірақ балаларға қатысты осындай ұстанымдардың қолданылуымен ол келіспейді.

Сондай-ақ әйел соңғы бес жыл бойы осы көзқарастарға байланысты түрлі қиындықты бастан өткергенін мәлімдеді.

«Секта осылай жұмыс істейді. Әйелдер мен балалар зардап шегеді. Мен барлық құжат пен мамандардың қорытындысын жариялаймын. Оның да уақыты келеді. Қазір мен үшін балаларымның жағдайы маңызды», – деді Ғалия.

Бұдан бөлек, ол әлеуметтік желідегі тағы бір жазбасында күйеуінің әрекеттеріне байланысты бұл тақырыпта үнсіз қала алмайтынын жеткізді.

«Күйеуімнің «төребекшілдік» сектасында болуы маған үнсіз қалуға мүмкіндік бермей отыр. Өзінің қоқан-лоққысы мен оғаш әрекеттері арқылы мені қайта сөйлеуге мәжбүрлеп жатыр», – деп жазды ол.

Ғалия алдағы уақытта өз мәлімдемелерін растайтын құжаттар мен мамандардың қорытындыларын жариялауға ниетті екенін айтты.

Әзірге Нұртас Адамбай мен психолог Төребек Бекбаев бұл мәлімдемелерге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Айта кетейік, Ғалия Адамбайдың айтқандары әзірге оның жеке мәлімдемесі болып саналады.

Айта кетейік, келіншек бұған дейін Нқрта Адамбайдың сектаға кіріп кеткенін айтқан болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2