Мәзір
31 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда студент университет ғимаратының 14-қабатынан құлап көз жұмды

Алматыда биіктен құлаған студент қыз көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыда студент университет ғимаратының 14-қабатынан құлап көз жұмды Алматыда студент университет ғимаратының 14-қабатынан құлап көз жұмды
Фото: informburo.kz

Әлеуметтік желіде 1-курс студенті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секіргені туралы ақпарат тарады. 

Алматы қаласының полиция департаменті бұл деректі растап, қылмыстық іс қозғады.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.

Апта талқысында: