Мәзір
27 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада 15 мектеп ашылады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада 15 мектеп ашылады Астанада 15 мектеп ашылады
Фото: Астана әкімдігі

"Қаланың даму барысында әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше назар аударамыз. Өткен оқу жылында рекордты көлемде оқу орындары салынды. Атап айтқанда, 24 мектеп пайдалануға беріліп, 66 мың оқушыға арналған орын (екі ауысымды) ашылды. Сол 24 мектептің 16-сы – жайлы мектеп.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге жайлы мектептердің салыну барысымен таныстық. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасады.

Жаңа оқу жылы ішінде тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оның 7-еуі «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады. Бұл жайлы мектептер 28 мың оқушыға арналған орын (екі ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, 4 үш ауысымды және 7 шамадан тыс толы мектептің проблемасы шешіледі.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Астанадағы жайлы мектептердің жалпы саны 24-ке жетеді. Сонымен қатар, қалада балабақшалар, оқушылар сарайы және өзге де әлеуметтік нысандар салынып жатыр", - деп жазды әкім әлеуметтік желіде.

Апта талқысында: