Мәзір
23 шілде, 2025 / BuginMedia / Денсаулық

Тоқаев дәрігерлерді ұрып-соғатындардың жазасын қатаңдатуды тапсырды

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды.  Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тоқаев дәрігерлерді ұрып-соғатындардың жазасын қатаңдатуды тапсырды Тоқаев дәрігерлерді ұрып-соғатындардың жазасын қатаңдатуды тапсырды
Фото: depositphotos.com

"Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек. 
Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 17 шілдеде Қостанай облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде бір науқас дәрігерге қол көтеріп, соққы салдарынан уролог Антон Кистанов есінен танып қалған. Ол реанимацияға түсіп, кейін Астанаға ауыстырылды.

Апта талқысында: