Мәзір
Бүгін, 11:45 / BuginMedia / Жаңалықтар

Президент Телерадиокешеніне жаңа орынбасар тағайындалды

Еркежан Күнтуған Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Президент Телерадиокешеніне жаңа орынбасар тағайындалды Президент Телерадиокешеніне жаңа орынбасар тағайындалды
фото: Президент Телерадиокешені

Жаңа қызметке тағайындалған медиаменеджердің Президент Телерадиокешеніндегі тәжірибесі бар. Ол бұған дейін кешенде креативті директор болып еңбек еткен.

2023 жылдың қаңтарынан бастап Күнтуған Jibek Joly телеарнасын басқарды. Осы кезеңде арнада халықаралық «Silk Way Star» ән байқауы секілді ірі телевизиялық жобалар жүзеге асырылды.

Оның еңбек жолында Atameken Business телеарнасындағы атқарушы продюсер және «Евразия» телеарнасындағы креативті продюсер қызметтері де бар.

Директорының орынбасары ретінде Күнтуған телерадиокешеннің негізгі бағыттарын үйлестіреді. Атап айтқанда, телевизиялық контентті дамытуға, ақпараттық және шығармашылық жобаларды іске асыруға, өндірістік процестерді жетілдіруге жауап береді.

Президент Телерадиокешені Мемлекет басшысының қызметін ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ететін арнайы медиа-ресурс. Ұйымды қазір Раушан Қажыбаева басқарады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2