Бұл туралы Оразалы Досбосыновтың есімімен ашылған Instagram желісіндегі парақшасында айтылған.
"Ораз ағамыздың немересінің бауы берік болсын, үлкен азамат болсын!", – делінген жазбада.
Оразалы Досбосынов 1975 жылы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданы, Тегістік аулында дүниеге келген. Айтыскер ақын небәрі 29 жасында қайтыс болды.
Ақынның анасының айтуынша, Оразалының әкесі үш ағайынды болған - Жарылқасын, Қасым, Оразалы. Жарылқасынның ағасы Оразалы Қытайда Текес жерінде ақын, жыршы болған. Сөйтіп, өнер қуып жүріп хабарсыз кетіпті. Жарылқасын сол бауырының аты өшпесін деп ұлына Оразалы атын беріпті.
Айтыс өнерінде ерекше мақамымен реформатор ақын ретінде танылған Оразалы көзі тірісінде "Құлмамбеттің құлыны" атанған.
Алматы облысы Шонжы ауылынан келе жатып көлікпен аударылған Оразалы Досбосынов 30 жасқа толар шағында дүниеден өтті. Ақынның артынан екі жылдан кейін жары Ажар Түзелбекқызы 2011 жылы жол апатынан ажал құшты. Өнер адамдарының артында Нұрайша есімді қыздары мен Нұрсұлтан есімді ұлдары қалған.