Мәзір
Бүгін, 11:53 / BuginMedia / Әлеумет

«Анама айтуға батылым жетпей жүр»: қыз әкесіне қатысты сұмдықты біліп қойған

Құқық  қорғаушы Ләззат Рақышева Threads желісінде әкесінің басқа әйелмен сөйлесіп жүргенін біліп қалған қыздың жазбасын бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Анама айтуға батылым жетпей жүр": қыз әкесіне қатысты сұмдықты біліп қойған "Анама айтуға батылым жетпей жүр": қыз әкесіне қатысты сұмдықты біліп қойған
Фото: vklist.ru

Қыздың айтуынша, ол анасы және бауырларымен бірге сіңлісінің үйіне үш күнге барған. Осы уақытта әкесі әлгі әйелді үйге әкелген. Кейін қыз әкесінің телефонындағы хат-хабарларды көріп, жағдайды білген.

Оның сөзінше, әкесі хаттарды өшіріп отырған және әлгі әйелдің нөмірін жұмыстағы ер адамның атымен сақтап қойған. Қыз хат-хабарлардың бір бөлігін түсіріп алғанын жазған.

«Анама айтуға батылым жетпей жүр. Айтсам да, ол бала үшін деп 25 жылдық шаңырағын шайқалтпайды», – деп жазды қыз.

Ол анасының бұрын «ат айналып қазығын табады», «әкесіз өспесін» деген мазмұнда сөздер айтқанын да атап өткен.

Қыздың айтуынша, хат-хабарлардың бірінде әлгі әйел телефоны сынып қалғандықтан байланысқа шыға алмағанын жазған. Оның 6-7 жастағы баласы бар екені де белгілі болған.

«Олардың шаңырақтарына араласқым келмейді, өздері шешеді. Бірақ бұл маған ауыр тиіп жатыр. Ешкіммен бөлісе алмаған соң жазып отырмын», – деді ол.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2