Мәзір
Бүгін, 13:58 / BuginMedia / Әлеумет

«Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әкесінің табысын тексеруді сұрады

«Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әкесінің табысын тексеруді сұрады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әкесінің табысын тексеруді сұрады «Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әкесінің табысын тексеруді сұрады
Фото: «Байтақ» партиясы

Оның айтуынша, әкесінің ресми жалақысы айына 85 мың теңге. Үш балаға осы сомадан шамамен 40 мың теңге алимент есептеледі. Жасөспірім әкесінің нақты табысы бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін болжап, бұл деректі құзырлы органдар тексеруі керек екенін айтты.

«Менің әкемнің нақты табысы осы 85 мың теңгеден 9, тіпті 10 есе жоғары болуы мүмкін деп ойлауға негізім бар. Сондай-ақ табыстың бір бөлігі ресми түрде көрсетілмеуі мүмкін деп болжаймын. Мүмкін мен қателесетін шығармын. Қандай да бір қос бухгалтерия бар екенін дәлелдей алмаймын, сондықтан мұны анықталған факт деп айтып отырған жоқпын», – деді ол.

Жасөспірім әкесінің «Байтақ» партиясында Атқарушы хатшы болып жұмыс істейтінін айтып, партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтан оның жалақысы мен жұмыс мәртебесіне қатысты түсініктеме сұрады.

Қуаныш Әлібек өз кезегінде отбасы мәселесін көпшілік алдында талқылағысы келмейтінін айтып, балаларын жақсы көретінін және оларға көмектесіп келгенін мәлімдеді. Сондай-ақ партияда ресми қызметкер емес, қоғамдық ерікті ретінде жұмыс істейтінін айтты.

«Барлық дау-дамай мәселе заң аясында, қажет болса сот арқылы шешіледі. Мен балаларымды жақсы көремін, әрқашан оларға қамқор болып, қолымнан келгенше көмектесіп келдім», – деді ол.

Алайда жасөспірім әкесінің бұл сөзімен келіспей, оның «Байтақ» партиясының заңды қызметкері екенін алға тартты. Ол прокуратура мен салық органдарынан әкесінің табысы, жұмыс мәртебесі және алимент бойынша берешегін тексеруді сұрады.

«Бізде алимент берешегіне қатысты сот шешімі бар. Мен оқып, өз болашағымды құрғым келеді. Бірақ сот шешімінің орындалғанын, менің және қарындастарымның құқықтары сақталғанын да қалаймын», – деді жасөспірім.

«Байтақ» партиясының мәліметінше, Қуаныш Әлібек Нұрланұлы 2025 жылғы 8 мамырда партияның Атқарушы хатшысы болып бекітілген. Партия әзірге бұл дауға қатысты жеке түсініктеме берген жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2