Мәзір
11 шілде, 2025 / BuginMedia / Аймақ

44 градусқа дейін аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр: 12-14 шілдеге ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 12-14 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

44 градусқа дейін аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр: 12-14 шілдеге ауа райы болжамы жарияланды 44 градусқа дейін аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр: 12-14 шілдеге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Ru.freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, солтүстік пен шығыста – күшті жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, сондай-ақ 12 шілдеде батысында жоғары қысым алабының ықпалымен күн ашық әрі ыстық болады. Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі болжанады.

Күндіз еліміздің батысында 35–39°С қатты ыстық, кей аудандарда өте қатты ыстық 40–42°С дейін жетеді. 12–13 шілдеде оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 39–44°С, ал 14 шілдеде 38–42°С күтіледі.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17–25°С-тан 15–23°С-қа дейін сәл төмендейді. Шығыста температура негізінен 22–30°С шамасында болады. Оңтүстікте 40–43°С аптап ыстық, ал оңтүстік-шығыста 35–38°С қатты ыстық болжанады.

Апта талқысында: