Мәзір
11 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қызылорда облысында ерлі-зайыпты ауруханадан 129 млн теңге жымқырған

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қызылорда облысында ерлі-зайыпты ауруханадан 129 млн теңге жымқырған Қызылорда облысында ерлі-зайыпты ауруханадан 129 млн теңге жымқырған
Фото:depositphotos.com


Аурухананың бас есепшісі медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есеге көтеру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған.

Жоғары бағаны көздеген күдікті, жұбайы дайындаған жалған баға ұсыныстарын қолданаған.

Өткізілген тендердің нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған.

Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген.

Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған.

Осылайша, негізсіз қосылған шығын көлемі 129 млн теңгені құрады.

Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды.
 

"Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді. Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды", - делінген ақпаратта.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Апта талқысында: