Мәзір

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінен кейін 18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінен кейін 18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға түсті Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінен кейін 18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға түсті
ашық дереккөз

10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыз жарақаттанды. Ол ауруханаға жеткізілген, қазіргі жағдайы ауыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қызға алдымен оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейін жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға алып кеткен.

«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы мамандардың бақылауында», – деп мәлімдеді басқарма.

Қыздың концерт кезінде қалай жарақат алғаны әзірге белгісіз. Оның жарақатының сипаты туралы да ресми мәлімет берілген жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2