Мәзір
4 шілде, 2025 / BuginMedia / Саясат

Антикордың бұрынғы басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Антикордың бұрынғы басшысы ұсталды Антикордың бұрынғы басшысы ұсталды
фото Elmedia

«2025 жылдың 3 шілдесіде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды», – делінген ақпаратта.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2