Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, ол жаза мерзімін өтеген соң босатылған.
"Сотталған жаза мерзімін өтеген соң босатылды", – делінген хабарламада.
Еске салайық, блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген еді. 2023 жылғы маусымда сот үкімі шығып, сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айырылды.