Мәзір
Бүгін, 15:26 / BuginMedia / Жаңалықтар

Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылық жасау туралы актінің негізінде бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты
Жоғарғы сот

Адвокаттың айтуынша, бүгін өткен сот отырысында Степногор қалалық соты Байжановқа рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны бірден босату туралы қаулы шығарған.

«Бүгін сот отырысы өтті. Степногор қаласының соты Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны бірден босату туралы қаулы шығарды. Өтелмеген жаза мерзімі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралады», – деді Ғазиз Ынтықбаев.

Еске салайық, 2024 жылғы 13 мамырда Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Кейін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заң аясында оның жазасының өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылып, қалған мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленген.

2026 жылдың мамыр айында Байжанов кассациялық сотқа жүгініп, жазасын жеңілдетуді сұраған. Алайда сот төменгі сатыдағы соттардың үкімін өзгеріссіз қалдырған еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2