Мәзір
Бүгін, 15:08 / BuginMedia / Жаңалықтар

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
facebook.com/abzalkuspan

Еске салайық, 2020 жылы Ертаев «Bank RBK»-дан 144 млрд теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, бастапқыда 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін сот оның жазасын 9 жылға дейін қысқартқан.

Экс-банкир 2018 жылы ұсталған. 2025 жылдың күзінде оған рақымшылық жасалып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді. Алайда кейін сот бұл шешімнің күшін жойып, Ертаевты қайтадан түзеу мекемесіне жіберген.

Қазір ол белгіленген жаза мерзімін толық өтегеннен кейін бостандыққа шыққаны хабарланды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2