Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусымда жедел жәрдем бригадасы Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жарақат алған 76 жастағы әйелді жеткізген.
Зардап шегуші үстіне жеке үйінің ауласындағы ағаш құлап, басып қалғанын айтқан. Көптеген жарақат алған пациент жансақтау бөліміне жатқызылған.
"Қарқынды емдеу шараларына қарамастан, алған жарақаттарының ауырлығынан, сондай-ақ созылмалы аурулардың (жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті) салдарынан пациенттің жүрегі тоқтап қалды", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Дәрігерлер пациент жансақтау бөліміне жатқызылғаннан кейін бесінші күні оның өлімін тіркеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 19 маусымда Павлодар облысында болған қатты дауыл салдарынан бір адам қайтыс болып, тағы 10-нан аса адамның зардап шеккен