Мәзір
2 шілде, 2025 / BuginMedia / Экономика

«Ақша аудармаңыз»: Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығы атынан мессенджерлер арқылы жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертіп, үндеу жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Ақша аудармаңыз": Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады "Ақша аудармаңыз": Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: pexels.com

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мекеме басшылығының атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып отыр.

"Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді:

күмәнді хабарламаларға сенбеу;

бөгде сілтемелерге өтпеу;

белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;

алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру", - делінген мекеме хабарламасында.

Апта талқысында: