Мәзір
Бүгін, 16:54 / BuginMedia / Экономика

Руслан Берденов қызметінен кетті

Respublica партиясының тең төрағасы болған және қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Руслан Берденов партиялық лауазымынан ресми түрде кетті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Руслан Берденов қызметінен кетті Руслан Берденов қызметінен кетті
Фото: gov.kz

Бұл туралы Руслан Берденов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Мен Respublica партиясының @respublica_partiyasy тең төрағасы ретіндегі миссиямды аяқтау жөнінде шешім қабылдағанымды хабарлаймын. Бұл шешім саналы түрде және өзіме қатысты бірқатар объективті себептерге байланысты қабылданды.

Біріншіден, белгілі болғандай, қазіргі уақытта мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметті саяси партиядағы жетекшілік қызметпен қатар алып жүруге жол берілмейді. Мен заң талаптарын құрметтеймін және оны қатаң сақтаймын.

Екіншіден, партияның ішкі қағидаттарына сәйкес, партия мүшелері мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқара алмайды. Біз саяси үдерістерге қатысу партия ішіндегі билік құрылымымен араласпауы тиіс деп санаймыз.

Үшіншіден, қазіргі таңда өз денсаулығымды қалпына келтіруге баса назар аударып жүрмін. Мен әрдайым жұмысыма жоғары жауапкершілікпен қарап келдім, бұдан кейін де мемлекеттік қызметтегі лауазымымды өз деңгейінде атқаруым керек. Сондықтан да дәл қазір өзімді жақсы сезіну үшін күш-қуатымды соған салудамын.

Мен партия жолының бастауындағы құндылықтар мен идеяларға адал болып қала беремін және Respublica командасына алдағы уақытта зор табыс тілеймін.

Бірге жұмыс істеген әріптестеріме шын жүректен алғыс айтамын!", - деп жазды ол.

Апта талқысында: