Мәзір

Экс-депутат Ринат Зайытов Қорғаныс министрлігінде қызметке тағайындалды

Экс-депутат Ринат Зайытов Қорғаныс министрлігінде қызметке тағайындалды Экс-депутат Ринат Зайытов Қорғаныс министрлігінде қызметке тағайындалды
ашық дереккөз

Мәжілістің бұрынғы депутаты Ринат Зайытов Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы болып тағайындалды. Ол жаңа қызметіне қазан айының басында Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовтің ұсынысымен келген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы экс-депутаттың өзі Adal ADAM YouTube-арнасына берген сұхбатында айтқан. 

Оның айтуынша, орталық әскери ансамбль мен оркестрдің қызметін үйлестіріп, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

Ринат Зайытов кім?

Ринат Зайытов 1984 жылғы 14 қарашада Абай облысы Өркен ауылында дүниеге келген. Семей педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерген. Кейін Қазақ қатынас жолдары университетінде «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.

Еңбек жолын «Дариға-ай» жастар театрында актер болып бастаған. Одан кейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімнің маманы қызметін атқарған. Сондай-ақ Алатау дәстүрлі өнер театрының директоры болған.

2023–2026 жылдары VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты ретінде жұмыс істеді. Парламентте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамында болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2