Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Мұратбековті Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді., деп хабарлайды buginmedia.kz.
Дәурен Мұратбеков бұл қызметке 2024 жылдың ақпанында тағайындалған. Ол екі жылдан астам уақыт Кеңес аппаратын басқарды.
Дәурен Мұратбеков туралы не белгілі?
Дәурен Мұратбеков 1984 жылы туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Көкшетау университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған. Кейін Экономикалық даму және сауда министрлігінде, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте қызмет атқарған.
2014–2018 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің заң департаментін басқарды. Одан кейін бес жыл бойы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінде жұмыс істеген. 2023 жылдың соңында Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалған.
Айта кетейік, Жоғары Сот Кеңесі судьялыққа кандидаттарды іріктеп, оларды қызметке тағайындау үшін Президентке ұсынады.