Мәзір
25 маусым, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шымкент әкімінің орынбасары Берденовтің ісі бойынша тергеу аяқталды

Бір емес, екі оқтан аман қалған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шымкент әкімінің орынбасары Берденовтің ісі бойынша тергеу аяқталды Шымкент әкімінің орынбасары Берденовтің ісі бойынша тергеу аяқталды
Фото: Мәжіліс

Kazinform мәліметінше, қазір Берденовтің ісі бойынша тараптар қылмыстық істің материалдарын қарап жатыр.

«Тергеу аяқталды, қазіргі таңда тараптар іске қатысты материалдарды қарап жатыр. Осыдан кейін іс прокуратураға жолданып, ары қарай сотқа беріледі. Әзірге сот процесі басталған жоқ»,  - деп түсіндірді сот.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Атап айтар болсақ, 24-баптың 3-бөлігі – «қылмыс жасауға оқталу» және  99-баптың 2-бөлігінің 6-тармағы – «басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу».

Еске сала кетейік, күдікті Ернар Жиенбайдың оқиғаға дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директорының міндетін атқарғаны анықталған еді. Ол оқиға болған 21 сәуір күні-ақ әкімдік ғимаратының маңында ұсталды. 

Апта талқысында: