Мәзір

Шымкентте екі рет егіз туған әйел үшем босанды

Шымкентте екі рет егіз туған әйел үшем босанды Шымкентте екі рет егіз туған әйел үшем босанды
Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте бұған дейін екі рет егіз босанған әйел үшемді дүниеге әкелді. Осылайша, отбасындағы балалардың саны онға жетті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Үшем 17 қыркүйекте Шымкент қалалық перинаталдық орталығында кесар тілігі арқылы дүниеге келген. Сәбилердің екеуі – қыз, біреуі – ұл. Оларға Альсия, Сафия және Аймұхаммед есімдері берілген.

Мерзімінен бұрын туғандықтан, нәрестелердің салмағы аз болған. Алғашқы күндері олар жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті ем қабылдаған. Кейін сәбилер арнайы күтім бөліміне ауыстырылған.

Уақыт өте келе үш баланың да жағдайы жақсарып, салмақтары арта бастаған. Қазір олардың салмағы екі келіден асып, денсаулықтары тұрақталған. Дәрігерлер сәбилерді үйлеріне шығарған.

Жаңа туған үшемді үйде жеті бауыры күтіп алды. Балалардың анасы үй шаруасымен айналысады, ал әкесі жеке кәсіпкер.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2