Телеарна мәліметінше, атысты тоқтату туралы келісім бірнеше зымыран шабуылынан кейін жүзеге асқан.
«Атысты тоқтату басталды», – делінген телеарнаның Telegram-арнасындағы ресми жарияланымда.
Times of Israel басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрінің кеңсесі Иранның бұл мәлімдемесіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
24 маусымға қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль арасында бейбіт келісімге келу туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, тараптар 12 күнге созылған қақтығысты тоқтатуға келіскен. Бұл келісім 24 сағат ішінде ресми түрде күшіне енуі тиіс.
Бұған дейін Дональд Трамп Иран тарапына Қатардағы америкалық әскери базаға шабуыл жасайтыны туралы алдын ала ескерткені үшін алғыс айтқан болатын. Бұл шабуыл АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға әуе соққыларынан кейін жасалған қарсы әрекет ретінде қарастырылған.