Мәзір
Бүгін, 11:26 / BuginMedia / Жаңалықтар

АҚШ пен Иран арасындағы текетірес күшейді: бес танкер жойылды

АҚШ әскері 8 қыркүйекте Иранға тиесілі бес мұнай танкерін жойған. АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, бұған Иранның соңғы екі күнде америкалық әскери кемеге екі рет баллистикалық зымыранмен шабуыл жасауға әрекеттенуі себеп болған. Америкалық әскери қызметкерлердің арасында зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды buginmedia.kz.

АҚШ пен Иран арасындағы текетірес күшейді: бес танкер жойылды АҚШ пен Иран арасындағы текетірес күшейді: бес танкер жойылды
жасанды интеллект

ВВС агенттігінің жазуынша, АҚШ әскері 8 қыркүйекте Иранға тиесілі бес мұнай танкерін жойған. АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, бұған Иранның соңғы екі күнде америкалық әскери кемеге екі рет баллистикалық зымыранмен шабуыл жасауға әрекеттенуі себеп болған. Америкалық әскери қызметкерлердің арасында зардап шеккендер жоқ.

CENTCOM мәліметінше, төрт танкер Оман шығанағында орналасқан. Олар Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусымен (КСИР) байланысты болған. Тағы бір танкер Харг аралы маңында орналасқан. АҚШ әскері кемелердің экипажына шабуыл алдында кемені тастап шығуды тапсырған.

АҚШ соққысынан кейін Иран Иорданиядағы америкалық нысандарға зымырандар ұшырған. Иордания билігінің мәліметінше, әуе қорғанысы 18 баллистикалық зымыранды ұстап қалған, тағы екеуі адам тұрмайтын аумақтарға түскен.

Сонымен қатар Тегеран Ормуз бұғазында АҚШ-тың екі кемесіне және бірнеше мұнай танкеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Осылайша, соңғы күндері АҚШ пен Иран арасындағы өзара шабуылдар күшейіп, аймақтағы жағдай одан әрі шиеленісті.

Қақтығыстың күшеюі әлемдік мұнай нарығына да әсер етті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 долларға жақындады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2