Жүк жөнелтушілер Парсы шығанағы акваториясына немесе одан тыс жерлерге тасымал жасау үшін кемені жалдамас бұрын, ықтимал мәселелерді болдырмау мақсатында тиісті сайттағы талаптарды сақтамайтын кемелер тізімімен танысуы қажет делінген X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада.
Онлайн-парақшада Тегеран ереже бұзушы деп таныған кемелердің тізімі жарияланды.
Өткен сәрсенбіде Axios басылымы АҚШ Қарулы күштерінің Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне арналған құпия теңіз бағытын жасағанын хабарлады, бұл бағыт күн сайын миллиондаған баррель мұнай тасымалдауға мүмкіндік береді.
Басылым мәліметінше, Оман жағалауындағы оңтүстік арна арқылы әр түн сайын 15-20 танкер өтіп, әлемдік нарыққа шамамен 10 миллион баррель мұнай жеткізеді - бұл соғысқа дейінгі көлемнің жартысына жуығы. АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігінің шенеуніктерінің айтуынша, бұл жеткізілімдер әлемдік мұнай нарығына "айтарлықтай әсер" етіп отыр.
Еске сала кетейік, 20 тамызда АҚШ президенті Иранға қарсы "ең жойқын экономикалық операцияның" басталғанын жариялаған болатын. Ол Тегеранға көмектесетін кез келген мемлекеттің өзі ауқымды экономикалық салдарға тап болатынын ескертті.
Бұған жауап ретінде Иран егер Таяу Шығыс елдері Тегеранға қарсы АҚШ санкцияларын қолдайтын болса, тек Ормуз бұғазында емес, Парсы шығанағынан мұнай жеткізілетін балама бағыттардағы танкерлерге де шабуыл жасайтынын айтып қоқан-лоқы көрсетті.
Бірнеше сағат бұрын АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон Тегеранға экономикалық қысымды күшейтуге және оны қолдап отырған қалған қаржылық және сауда арналарын бұғаттауға ниетті екенін мәлімдеді.