Мәзір
Бүгін, 14:04 / BuginMedia / Әлемде

Иранда АҚШ соққыларынан 11 адам қаза тапты

Иран билігінің мәліметінше, АҚШ-тың ел аумағына жасаған жаңа соққыларынан 11 адам қаза тауып, кемінде 68 адам жараланған,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Иранда АҚШ соққыларынан 11 адам қаза тапты Иранда АҚШ соққыларынан 11 адам қаза тапты
ашық дереккөз

АҚШ зымырандары Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясындағы үш нысанға соққы жасаған. Провинция билігінің хабарлауынша, шабуылдан 7 адам қаза тауып, 8 адам жараланған.

Бұған дейін Иранның Сирик ауданында үйлену тойы кезінде жасалған соққыдан 5 адам, оның ішінде бір бала қаза болғаны хабарланған. Иран Қызыл Жарты Айы 50-ден астам адамның жараланғанын мәлімдеді.

АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыс 31 тамыздан кейін қайта күшейді. тараптар бір-біріне соққы жасауды жалғастырып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2