Мәзір
20 маусым, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Израильден 66, Ираннан 78 қазақстандық эвакуацияланды

Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Израильден 66, Ираннан 78 қазақстандық эвакуацияланды Израильден 66, Ираннан 78 қазақстандық эвакуацияланды
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды.

Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

"ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда", - делінген хабарламада.

Апта талқысында: