Мәзір
12 маусым, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада тағы да жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті

Астанада жолаушылар автобусы мен Toyota маркалы жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада тағы да жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті Астанада тағы да жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті
Фото: istockphoto.com

Астана қаласы Полиция департаментінен аталған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді.
 

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota көлігінің жүргізушісі Республика даңғылында оңға бұрылу кезінде қоғамдық көлікке жол бермеген. Салдарынан Iveco маркалы автобуспен соқтығысқан", - деді Астана қаласы ПД ресми өкілі Эльмира Шауленова.

Оның айтуынша, апат салдарынан автобустың екі жолаушысы зардап шекті. Олар дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Апта талқысында: