Мәзір
11 маусым, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жаңаөзен маңындағы мұнай кенішінде апат болды

Жаңаөзен қаласы Теңге ауылынан 500 шақырым жерде мұнай ұңғымасынан шығарындылардың сыртқа шығуы тіркелді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жаңаөзен маңындағы мұнай кенішінде апат болды Жаңаөзен маңындағы мұнай кенішінде апат болды
Фото: видеодан алынды

Видео әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Атап айтқанда, төтенше жағдай сағат 8:30 шамасында "Petro НефтеГазсервис" ЖШС-нің № 553 скважинасы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында болған.

"Тиісінше, 10 минут ішінде, яғни сағат 08:40-та мекемемен қажетті жұмыстар жүргізіліп, төтенше жағдай оқшауланды. Зиянды заттың аталған территориядан тыс аумаққа таралу қаупі тіркелмеді", - дейді  Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті.

Өңірлік экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімі аталған аумақта атмосфералық ауаға аспаптық өлшемдер жүргізу шарасын қабылдады. 

"Өлшемдер қорытындысы мен қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады", делінген хабарламада.

Апта талқысында: