Мәзір

Маңғыстауда вахталық автобус мұнай компаниясының қызметкерін қағып өлтірді

Маңғыстауда вахталық автобус мұнай компаниясының қызметкерін қағып өлтірді Маңғыстауда вахталық автобус мұнай компаниясының қызметкерін қағып өлтірді
ашық дереккөз

Маңғыстау облысында вахталық автобусқа қағылған мұнай компаниясының қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай 6 қарашада Ақтау – Қаламқас тасжолында болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Lada.kz мәліметінше, жол апаты тасжолдың 170–171-шақырымында, аялдама маңында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, Daewoo маркалы вахталық автобус Қаражанбас кен орнына қарай бағыт алған. Сол кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

Алған жарақатынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ марқұмның компания қызметкері екенін растады.

«Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп хабарлады компания өкілдері.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Автобус арнайы тұраққа қойылған.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2