Мәзір
28 мамыр, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шерзат соты: сот судья Ержан Жанұзақовты істен шеттету шағымын қарап, қаулы шығарды

Бүгін, 28 мамырда өткен Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шерзат соты: сот судья Ержан Жанұзақовты істен шеттету шағымын қарап, қаулы шығарды Шерзат соты: сот судья Ержан Жанұзақовты істен шеттету шағымын қарап, қаулы шығарды
Фото: видеодан алынды

Соттың түстен кейінгі отырысы жоспарлған уақыттан кеш басталды.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарады.

Абзал Шынасылдың қорғаушысының айтуынша, Шынасыл оқиға орнына соңында келді деген дерекке мемлекеттік айыпталушылар қарсы шығып, өз нұсқаларын ұсынған. Видеоларға сәйкес емес жерлерді анықтауға өзі сарапшы мен тергеуші шақыруға өтініш айтқан. Алайда сот оған рұқсат бермеген.

Сотта сотталушы Абзал Шынасыл мен қорғаушы адвокаттардың көбі шағымданушы адвокатты қолдады.

Мемлекеттік айыптаушылар Әбеновтің арызының орынсыз екенін айтып, судьяны ауыстырмауды ұсынды.

Алматы облысының ауданаралық сотының судьясы Асқар Бейімбетов іске төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовты істен шеттетпеуге қаулы шығарды.

Апта талқысында: