Мәзір

Қазақстанда бес судья қызметінен босатылды

Қазақстанда бес судья қызметінен босатылды Қазақстанда бес судья қызметінен босатылды
ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бес судья қызметінен босатылды. Олардың үшеуі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, тағы екеуі сот үкімдерінің заңды күшіне енуіне байланысты қызметінен кеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тәртіптік теріс қылықтарға байланысты қызметінен босатылғандар қатарында:

Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Шайкамалов;

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы Дәурен Айқұлов;

Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының төрағасы Айжан Сатыбалдиева бар.

Судьялардың нақты қандай тәртіптік теріс қылық жасағаны жарлықта көрсетілмеген. Оларды қызметтен босату туралы шешімдерді Сот жюриі қабылдаған.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында екі сот төрағасы қызметінен босатылды. Олар – мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Бекбол Баймаханов пен Петропавл қаласы №2 сотының төрағасы Ерлан Ибраев.

Бұл екі жағдайда да қызметтен босатуға қатысты қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдерінің заңды күшіне енуі негіз болған.

Бұған дейін Бекбол Баймаханов пара алу ісі бойынша сегіз жылға, ал Ерлан Ибраев алты жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған. Сонымен қатар екеуіне де белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынған.

Іс материалдарына сәйкес, Бекбол Баймаханов заңгермен сот шешімдері үшін сыйақы алу туралы келісім жасаған. Келісілген соманың бір бөлігі – 15 мың доллар, яғни шамамен 7,4 млн теңге – делдал арқылы берілген. Ақша оның қызметтік кабинетінде табылған.

Ал Ерлан Ибраевқа қатысты эпизодта кәсіпкер арқылы 2,5 млн теңге берілгені көрсетілген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2