Мәзір

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья пара алғаны үшін 9 жылға сотталды Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья пара алғаны үшін 9 жылға сотталды
ашық дереккөз

2026 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Аталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Атап айтсақ, биылғы жылдың қаңтарында бұларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ҰҚК ұстаған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2