Мәзір
26 мамыр, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматы облысындағы ұн зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Алматы облысындағы ұн зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz

Алматы облысындағы ұн зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты Алматы облысындағы ұн зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Фото: видеодан алынды

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы 23 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек Жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін өндіру цехының аумағында жарылыс болып, артынша өрт шыққан.

Өрт тоғыз қабатты екінші элеватор ғимаратының бірінші қабатында орналасқан астық қалдықтарының шаң-тозаңы жаралысқа себеп болуы салдарынан туындаған.
 

“Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толықтай жойылды. Өрттің аумағы қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен жойылды. Жану алаңы 1377 шаршы метрді құрады. Оқиғаның себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД-нің Өрт-техникалық зертхана қызметкерлері мен анықтау бөлімінің мамандары оқиға орнына жіберілді”, –  делінген ақпаратта.


Өрт сөндіру барысында ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы бір ересек адамды құтқарып қалды. Сонымен қатар, төртеуі Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне жеткізілген.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ҚазАқпаратқа мәлім еткендей, Қаскелең қаласындағы Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасына 23 мамыр күні 4 адам жеткізілді.

Зардап шеккен қызметкерлердің бірін аман алып қалу мүмкін болмады. 49 жастағы ер адамның денесін терең күйік шалған.

“Қалған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл науқастарды жеке бақылауына алып, дер кезінде диагноз қою және толық ем алу үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр”, — деп хабарлады басқармадан.

Апта талқысында: