Мәйіт қонақүйдің бірінші қабатында болған өртті сөндіру кезінде табылды, бір нұсқа бойынша ер адам қылмысын жасыру үшін өрт шығарған.
"24 мамырда сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінде өрт шыққан. Өрт 20 шаршы метрді шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толық сөндірілді, 35 адам оқшауландырылды", - деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД.
Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, күдікті ұсталғанын хабарлады.
"Жедел тергеу жолымен қылмыс ізі суымай жатып 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергуе әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу аясында жариялауға жатпайды", - делінген ақпаратта.