Мәзір
23 мамыр, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жаңаөзенде түлектер мінген көлік жол апатына ұшырады

23 мамыр күні Toyota Hilux, Toyota Land Cruiser 100 және Lexus LX 450 автокөліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жаңаөзенде түлектер мінген көлік жол апатына ұшырады Жаңаөзенде түлектер мінген көлік жол апатына ұшырады
Фото: astanatv.kz

Тексеру нәтижесінде Toyota Hilux пикабын басқарған, мектеп түлегі емес жүргізуші алда келе жатқан Land Cruiser 100 автокөлігін озбақ болған. Алайда маневр жасау кезінде Hilux көлігі жол жиегіне шығып кетіп, Land Cruiser 100 көлігіне соқтығысқан. Соққы салдарынан Land Cruiser 100 көлігі инерциямен Lexus LX 450 көлігіне соғылған. Нәтижесінде Toyota Hilux жолдан шығып кеткен.

Зардап шеккендер жоқ.

"Toyota Hilux жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды. Түлектер тек Lexus LX 450-де болған", - делінген ақпаратта.

Апта талқысында: